NURORDA ALMATY мектеп-лицейінде оқушылардың жан-жақты жетіліп шығуын қамтамасыз ету мақсатында білім беру мен тәрбие ісі қатар жүргізіледі. Осы оқу-ағарту ісі екі тілде жүргізіледі және халықаралық білім беру стандарттарына дайындықты да қамтиды. Әрбір оқушы өзіндік жеке қызығушылықтары мен қабілеттерін жетілдіру үшін қолайлы мүмкіндік табады. Оқушының таңдауына жиырмадан астам үйірме түрі ұсынылады. Мұғалім әрбір оқушымен жеке жұмыс жасайды, 1-сынып оқушыларына 2 сынып жетекшісі мен тәрбиеші маман тағайындалады.
Мектеп-лицей үш даңғыл жолдың торабында орналасқан, сондықтан мектепке келіп-кету оңай болады. Мектеп кешені 2024 жылы ашылды, әрі халықаралық білім беру стандарттарына толықтай жауап береді. Мысалы, кең терезелі кабинеттер кешеннің солтүстік жағында орналасқан, сол арқылы кабинеттің жарық болуы әрі жыл бойы температураның қолайлы болуы қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ мектепте оқушылардың тынығуы үшін 10-нан астам демалыс орындары жабдықталған, бұл – оқушылардың еркін білім алуына қолайлы жағдай жасайды.
Сонымен қатар, мектепте халықаралық стандарттар негізінде жабдықталған заманауи кітапхана бар. Алдағы уақытта ішінде бассейні бар заманауи спорт кешенін тұрғызу жоспарланған.